«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Деңгейлік курс бойынша есебім

18.05.2017

  Деңгейлік курс бойынша есебім

Досмаханова Кульпаш Сундетовна – бастауыш сынып мұғалімі.

Мaқcат: Оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы  ұйымдастыру, oқу процесінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорын жетілдіремін.

       Үшінші (негізгі) деңгейлік курсын оқып аяқтады. Келе салысымен өз сабақтарын жаңартып, жаңалықтар енгіздім.  Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері сабақтарыма қатысып ой бөлісіп  отырды. Мектеп жұмысы

мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. Мен өз сабақтарымда мүмкіндігімше оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауына ықпал жасаймын  Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, фотоаппарат, музыкалық орталық, ноутбуктарды пайдаландым.

Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді атсалысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де жақсы болады.Әрбір сабақ соңында алынған кері байланыс менің келесі сабағымды жоспарлауға септігін тигізді.

Негізгі сапа мынадай:      әдебиеттік оқу- 67%  

Қазақ тілі-67%  

Математика-67%  

Дүниетану -100%  

 Оқуға дейін мен дайын білімді беріп келдім,сабағымның жартысы менің сабақ түсіндіруме жұмсалған болса,қазіргі таңда көз алдымда жаңалықты тез игеретін,өз ойын ашық айтып,сыни ойлауы қалыптастасқан шығармашыл тұлға өсіп келеді. 1 «Б» сыныбында 4 оқушы. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты құрайды. 1 сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады.   

Ортақ тақырыптары

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Барлығы мен туралы

Менің отбасым

және достарым

Саяхат 

Тағамдар және сусындар

Менің мектебім

Бізді қоршаған

әлем

Салт-дәстүрлер

және ауыз әдебиеті

Дені саудың - жаны сау!

 Қазіргі таңда 1 «Б»-сыныбында сабағымда жеті модульді қамтып жұмыс жасап келемін. Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды: · Ынтымақтастыққа үйренді, жеке, жұппен жұмыс істеуге үйренді.Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді. · Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді. Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың

өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табыладыБұл бағдарлама 7 модульге бөлінген. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқытуды бағалау (бағалаудың критерилері, баға қою тәжірибесі) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер АКТ –ны қолдану.   Талантты және дарынды

балаларды оқыту.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Бұл үлгідегі сабақ жоспарының дәстүрлі жоспардан елеулі ерекшеліктері бар: сабаққа қойылған мақсат оқушыға бағытталады және мұғалім өзіне бағытталған бірнеше мақсат қояды, сабақтан күтілетін нәтиже жазылады. Әр сабақтан кейінгі рефлексия жазып, келесі сабақтың жоспарына зор ықпал ететінін көрсете алдым. Кіріктірілген модульдер қандай нәтиже берді: диалогтік оқыту әдісін қолдану арқылы сұрақ қоюдың түрлеріне мән беріп, оқушыларды сыни тұрғыдан ойланып жауап беруге; -көркем шығарманы талдауда; - оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа алып,

оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасау, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптасыруға мән бердім.        

Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланадым.  Ұзақ мерзімді жоспарым оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды.  Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтыды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырыладым. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайдым. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары айқын көрсетілді. Сабақты қысқа мерзімді

жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы  қажет. Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде өзім төмендегі ұсыныстарды  басшылыққа алдым. Формативті бағалауға

арналған тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге арналған дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұрады.  Тапсырмалар ұсыныс түрінде болып, білім алушылардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып бейімдедім. Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар бөлімдер/ортақ тақырыптар және тоқсандар үшін жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдерін көрсетеді. Құжат бөлімдер/ортақ тақырыпты жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлемелері бойынша ұсыныстардан; /ортақ тақырыпты дескрипторлармен және баллдармен жинақтап бағалауға арналған

тапсырмалар үлгілерінен; тапсырмалар әзірлеуге және рәсімді өткізуге арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерінен; сызбалармен балл қоюдың    тоқсандық   жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен тұратынын анықтадым. Пән бойынша 3 тоқсанда сумативтік бағалау 2-еу жиынтық бағалау тоқсан сонында алынады.

Қорытынды жиынтық бағалау тоқсан соңында алынады

 

 

Просмотров: 932


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст