«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сіздің балаңыз психологиялық стрессті бастан кешіріп жатқанын қалай байқап білуге болады? Психологиялық стресстің негізгі белгілері және олардың себептері

Сіздің балаңыз психологиялық стрессті бастан кешіріп жатқанын қалай байқап білуге болады?

Психологиялық стресстің негізгі белгілері және олардың себептері

 

 

 

Балалардың жүріс-тұрысы мен олардың көңіл-күйі ересектерге баланың мінез-құлқының дамуында және жеке тұлғалық қалыптасуында бұзушылықтар орын алғанын көрсетуі мүмкін.

  1. Ер немесе қыз баланың психологиялық денсаулығындағы "апат сигналдары" үшін қандай көріністер тән?
  2. Көмек алу үшін психологқа немесе психотерапевтке жүгінуге не себеп болуы мүмкін?

Балада психологиялық стресстің бар болуын келесі белгілер меңзейді:

  1. Эмоционалдық тұрақсыздық – лезде жылап жіберу, ашуланшақтық, өкпелегіштік, мазасыздық, іс-қимылдардағы сенімсіздік, әрекеттегі тиянақсыздық, қыңырлық, қорқыныштар.
  2. Вегетативті тұрақсыздық – негізінен бет терісінің лезде қызаруы немесе бозаруы, "тамақтағы кептеліс", артериялық қысымның ауытқуы (көбінесе оның төмендеуі жағына қарай), жоғары тершеңдік, тамырдың бірқалыпсыз соғуы, атмосфералық қысымның ауытқуы кезіндегі нашар хал-жай.
  3. Ұйқының бұзылуы: ұйықтай алмау, сергек ояну немесе өте қатты ұйқы, таңертең оянғаннан кейін нашар хал-жай.
  4. Зат алмасудың бұзылуы, нейродермит, тәбеттің нашар болуы, дене салмағының төмендеуі, ағзаның иістерге, дәрілерге, шаңға және кейбір тағамдық заттарға жөтел мен қышыма түріндегі аурушаң қатты реакциялар беруі.
  5. Жиі суық тию, әсіресе жүйке, стресстік факторлардың әсерімен анық байланыс болғанда.
  6. Психомоторлық бұзылулар: кекештену, энурез - түнгі және күндізгі зәр ұстамау, энкопрез үлкен дәрет ұстамау, жүйке жүйесіне байланысты дірілдер (еріксіз, жиі және біртипті қайталанатын бет бұлшық еттерінің тартылуы), жыпылықтау, мұрнын тарту, ауыздың ашылуы, еріннің, жақтың тартылуы, "кх-кх" сияқты дыбыстармен, шашалып қалумен, жөтелумен, ауыр күрсінумен, кекештенуді еске салатын үзік сөйлеумен сипатталатын  артикуляциялық және тыныс алу бұлшық етінің қысқаруы түрінде болуы мүмкін. Мұндай бұзылушылықтар баламен жиі түсінілмейді және байқалмайды және әдетте жыл мезгіліне, шаршауға, жүйке күйзелісіне байланысты болады.
  7. Жүйкелік реакциялар – психожарақаттаушы факторлардың әсеріне жауап ретіндегі қысқа мерзімді уайымдаулар - мектепке дейінгі мекемеге барудың алғашқы кезінде жоғары қозғыштық немесе тежелу, мекемеде қалдыру кезіндегі жабырқаулық күйі, аурудың немесе физикалық кемістіктің болуына байланысты ауыр уайымдар.
  8. Патологиялық әдеттер – тұрақты онанизм (мастурбация), саусақты үнемі сору, тырнақты кеміру.

Психологиялық жай-күйдегі және эмоциялық өмірдегі қолайсыздықтың барлық келтірілген белгілері бала өмірінің қиын сәттерінде күшейеді немесе байқалады, ондай сәттерге бала-бақшаға немесе мектепке барудың басталуы, маңызды ересектердің эмоциялық салқындығы немесе шамадан тыс қамқорлығы, сондай-ақ жіті немесе ұзақ психожарақаттаушы жағдай жатады.

Мұндай қиын кезеңдерде бала туған-туыстары мен жақындары тарапынан өзіне деген кішіпейіл және нәзік қарым-қатынасты, ал кейде мамандардың: дәрігерлер мен психологтардың қатысуын талап етеді.

Негізгі тұжырымдар

Ата-аналардан кейде ұлын немесе қызын тәрбиелеудің кейбір қағидаларын қайта қарау, бұл қағидаларды пәрменді және балалардың қабылдауы үшін мүмкіндігінше "айқын" емес ету керек; кейбір жағдайларда балалар әлемімен өзінің эмоциялық қарым-қатынасын қайта құру қажет; мүмкін, балаға өзінің барлық сұлулығымен және қарама-қайшылыққа толылығымен таныс болып жатқан қоршаған әлемге жеңілірек бейімделуге мүмкіндік беру үшін өзінің балалық шақтарын айқын еске түсіру қажет де шығар.

 

Жаңартылған күні: 10.02.2023 16:36
Құрылған күні: 10.02.2023 16:36

Текст