«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың Қазақстан Республикасының әскери-кадет колледжі курсанттарымен кездесу

Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу мақсатында 2022 жылдың қаңтар айында «Гастелло ауылындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен Генерал Нұрмағамбетов С.Қ. атындағы «Жас-Ұлан» Республикалық мектебі курсанттарымен кәсіптік бағдар беру жөнінде кездесу өтті. Щучье қ. РМУ, Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери-кадет колледжінің курсанттары Шершнев Евгений және Ернар Жандос.

Курсанттар жоғары сынып оқушыларына таңдаған мамандығының ерекшеліктерін, оқуға түсу тәртібін, әскери колледждегі оқу мен күнделікті өмірдің ерекшеліктерін, әскери мамандықтың келешегі туралы айтып берді. Олар мектебіміздің оқушыларына «Жақсы офицер, жақсы маман болу үшін қиындықты жеңе білу керек, мінез-құлықты, ерік-жігерді бала кезінен тәрбиелеу керек», - екенін айтып өтті. Мектебіміз өз өмірі мен әскери қызметін байланыстырған түлектерін мақтан тұтады, ал кейбіреулері қиын мамандықта шын мәнінде биік шыңдарды бағындырады.

      

      

Жаңартылған күні: 26.01.2022 11:35
Құрылған күні: 26.01.2022 12:16

Текст