«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – Институт) және Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі құрылымы «БҰҰ-Әйелдері» «Гендерлік аспектілерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органның 2017-2020 жылға арналған бюджетін жоспарлау және қалыптастыру бойынша құжаттарды талдау (Ақмола облысының мысалында)» тақырыбындағы бірлескен зерттеу жүргізуде.
Зерттеу шеңберінде гендерлік аспектілердің ескерілуін анықтау мен бағалау үшін әлеуметтік қорғау, білім және денсаулық сақтау салаларына талдау жасалуда.
Мақсатты топтардың қанағаттанушылығын талдау үшін Институт 2021 жылдың 12-19 ақпанында Акмола облысының тұрғындары арасында электронды сауалнама жүргізуді жоспарлауда.
Осыған орай, Сізден әлеуметтік сауалнама жүргізуге сауалнама сілтемелерін оқушылар (500 адамнан кем емес) мен техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің студенттері (400 адамнан кем емес) арасында тарату арқылы көмек көрсетуді сұраймын.
Әлеуметтік сауалнаманың қазақ тіліндегі нұсқасының сілтемелері: