Ата-аналар жиналысы
14 қазан күні 2017 жылы Гастелло орта мектебінде 1-2 сыныптар аралығында ата –аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бағалау түрлерімен танысу.
Мақсаты: Ата – аналарға бағалау түрлерін, оқу бағдарламасы, электронды журналымен таныстыру.
Жиналысқа 9 ата –ана қатысты. Жиналыс барысында ата –аналар топпен жұмыс жасады.
Жұмыс барысында «Баға дегеніміз не?» деген тақырыпта постер қорғады.
Ата – аналарға жиынтық бағалау туралы түсінік қалыптастыру үшін жиынтық бағалау өткізілді.
Жұмыстары дескриптер арқылы бағаланды. Бағалары электрондық журналға қойылды.
Ата – аналар жиынтық бағалаудың қалай алынатынын түсінді.
Қорытындылай келе, ата –аналар жиналысы соңында стикерге өз ойларын жазды. Кері байланыс арқылы жиынтық бағалауды түсінгендеріне көзіміз жетті.
Өткізгендер: Абильдинова Жулдызай Муратқызы
Тараш Шолпан