Күні: 16.02. сыныбы: 6 «А» пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы №23 з.ж.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің көп түрлілігімен таныстыру. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілері, табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі, оқыған өсімдіктерді ажырата білу дағдыларын дамыту, олардыңбелгілі бір тұқымдасқа жататындығын дәлелдеп, салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.
Отанын мақтан етуге, халқының байлығын қастерлеп сақтауға, халқын сүюге және табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.
Білімділігі: Оқушыларды раушангүлділер тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға раушангүлділер тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп, табиғатты аялауға оған түсіністікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра білуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест.
Жалпы дидактикалық әдіс: түсіндірмелі – иллюстративті және ізденуші
Құрал-жабдықтармен көрнекілік: гербарий, сабаққа таратпа материал, компьютер, презентация, слайд
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин
ІІ. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» 8 мин
ІІІ. «Білім кілті -танымдылықта» 15 мин
ІҮ. «Білгенге маржан» 8 мин
Ү. «Еңбегіне қарай өнбегі» 1-2 мин бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып бөлмесін сабаққа дайындау. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың, ісің бар да!
Үй тапсырмасын сұрау. (Шаршы гүлділер тұқымдасының ерекшеліктері)
1. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» Лездемелік сұрақтар:
1. Жабық тұқымдылардың қанша түрі бар? (250 мыңдай)
2. Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі? (Барлық шалғынды жерлерде т.б.)
3. Жабық тұқымдылардың көбею мүшесі? (Гүл)
4. Жабық тұқымдылар деп аталу себебі неде?
5. Гүлдерінің ерекшеліктері? (мөлшері, пішіні, түсі, құрылысы)
6. Қосарланып ұрықтану дегеніміз не? (Тек гүлді өсімдіктерге тән түрі, тозаңдану кезінде бунақденелілер , желмен тозаңданады,
тозаң түйірлері аналық аузына келіп түседі де тозаң түтігі арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Тозаң түтігіндегі екі аталық жасушаның бірі жұмыртқа жасушаны ұрықтандырады. Екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық жаушасымен қосылады.)
7. Дара жарнақты өсімдік дегеніміз не?
8. Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы маңызы? (Тамақ, жем-шөп, шикі зат ретінде қолданылады)
9. Мәдени өсімдіктердің шығу тегіне ат салысқан ғалымдар? (Н.И. Вавилов, Кәрім Мыңбаев)
10.Шаршыгүлділер тұқымдасы деп аталу себебі неде? (Қос жынысты гүлі шаршы болып орналасқан)
11. Шаршыгүлділерді ата? (Орамжапырақ, шомыр, шалғам, қыша, ақжелек т.б.)
12. Шаршыгүлділердің гүлінің формуласы? ( Т2+2, К4, А2+4, Ж (2) )
2. Білім минуты:
+ |
Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге тән белгілерді көрсет |
|
Гүлі дара жынысты |
+ |
Гүлдері ұсақ, қос жынысты |
|
Тостағанша жапырақшасы болмайды |
+ |
Тостағанша жапырақшасы төртеу |
|
Гүл шоғыры шатырша тәрізді |
+ |
Гүл шоғыры шашақты болып келеді |
|
Аталығы оннан асады |
+ |
Аталығы алтау |
|
Гүлінің формуласы Т5, К2, А2 Ж 3 |
+ |
Гүлінің формуласы Т2+2, К4, А2+4, Ж (2) |
|
Жемісі- тұқымша |
+ |
Жеміс-бұршаққын |
ІІІ. «Білім кілті -танымдылықта»
Жаңа сабақты меңгерту.
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады. /Алма/
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. /Бүлдірген/
Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс — сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал. /Өрік/
*Раушангүлділер тұқымдасының төрт тұқымдас тармағы бар. Олар тобылғылар, раушангүлділер, алмалылар, өріктер. (шие, тобылғы ,алма, итмұрын, таңқурай,т.б.)
Қосжарнақтылар класы Раушангүлділер тұқымдасы - 3000/35 түрі ҚР-да
Ағаш, бұта, шөптесін.
* Гүлдері: қос гүлсерік, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақша, аталығы шексіз,кейде 4-8-9, аналық саны 1, өте көп
*Жемісі көп сүйекті, жидек, сүйекті-шырынды, жаңғақты, көп жаңғақшалы құрғақ жеміс.
*Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1
• Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді
Итмұрын- Т (5) К5 А ∞ Ж1 Алма гүлі – Т (5) К5 А ∞ Ж (5)
Өсімдіктерінің тірішілік формасы-
1) ағаштар- мойыл, шетен, алма,алмұрт
2) бұталы-раушан, итмұрын
3) шөптесін- шыршай, байғұт, қойбүлдірген
Жапырағы- жай-алма, алмұрт,
долана, шие, күрделі- үшқұлақты,
қауырсын, саусақ салалы. Раушангүлділер-мәдени-алмұрт,
шие, жабайы-тікенгүл, шетен,
итмұрын-дәрілік-таңқурай,
құлпынай, сәндік- раушангүл.
Білгенге маржан!
Алма. Бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың 96,7 % алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді.
Өрік. Оны «Денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.
Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді.
Соя өсімдігі Бұл өсімдіктің 100г-ында и45г нәруыз, 27г өсімдік майы, 20г крахмал бар. Сояның қоректік тұқымынан 100-ге
жуық азық-түлікпен, тәтті тағамдар: кәмпит, май, печенье, сүт, сыр, ірімшік т.б дайындауға болады. Қызыл түсті раушан 1930 жылы генетикалық мутация жолымен алынған.
Табиғатта раушанның көк түсіне жауап беретін ген, көк түсті пигмент дельфинидин болмаған. Бірақ көп жылдық австралиялық және жапондық компаниялардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде 2004 жылы «көк» раушан гендік инженерия әдістері арқылы шығарылды.
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы зор, ішсе тамақ, дәрілік қасиеттері мол, шикі заттар алынады. Сондықтан өсімдіктерді қорғау керек. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген халық мақалы тегін айтылмаса керек.
ІҮ.Сәйкестендіру тесті:
Раушангүлділер |
Жемісі |
Дұрыс жауап |
1.Теңгежапырақ 2. Алма 3. Мойыл 4. Имұрын 5. Таңқурай |
А) Құрғақ kөп жаңғақшалы Ә) Құрғақ жемісті Б) Шырынды жемісті В) Сүйекті шырынды Г) Көпсүйекті |
1-ә 2-б 3-в 4-а 5-г |
Ү.Оқулықпен жұмыс. №23 зертханалық жұмыс Мына суреттен гүл диаграммасын талдап, формуласын жазыңдар.
Гүл формуласы Итмұрын- Т (5) К5 А ∞ Ж1,
Зертханалық жұмыс №23
Тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппе өсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.
1.Мұғалім алдын ала әзірлеген кеппе өсімдіктер орамжапырақ гүлділер, раушангүлділер өсімдіктерді жеке бөліп алыңдар.
2. Берілген өсімдіктердің сабағын, жапырағын, тамырын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін анықтаңдар.
3. Гүлдері сақталған болса, гүл құрылысын анықтау.
Қорытынды.
«Еңбегіне қарай өнбегі»
Тест. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік белгілерін бөліп жаз:
1. Жемісі-құрғақ, шырынды, сүйекті- шырынды.
2. Гүлшоғыры-шоғырбас.
3. Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1.
4. Гүлі біріккен -4 тостағанша.
5. Жемісі-бұршаққап.
6. Гүлі бірікпеген – 5 күлте жапыраша.
7. Гүлінде аталығы көп, кейде 4-8-9.
8. Гүлінде аталығы- 10, аналығы -1.
9. Тамырында азот жинақталады.
10. Тұқымында эндоспермі болмайды, бірақ кейде қалдығы болады.
Тексереміз:
1-нұсқа
Жауабы: 1,3,6,7,10.
.
• Үй тапсырмасы: § 43 (бәріне). 143 беттегі кестені толтыру.
·
.
2. Білім минуты:
+ |
Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге тән белгілерді көрсет |
|
гүлі дара жынысты |
|
гүлдері ұсақ, қос жынысты |
|
тостағанша жапырақшасы болмайды |
|
тостағанша жапырақшасы төртеу |
|
гүл шоғыры шатырша тәрізді |
|
гүл шоғыры шашақты болып келеді |
|
аталығы оннан асады |
|
аталығы алтау |
|
гүлінің формуласы Т5, К2, А2 Ж 3 |
|
гүлінің формуласы Т2+2, К4, А2+4, Ж (2) |
|
Жемісі- тұқымша |
|
Жеміс-бұршаққын |
2. Білім минуты:
+ |
Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге тән белгілерді көрсет |
|
гүлі дара жынысты |
|
гүлдері ұсақ, қос жынысты |
|
тостағанша жапырақшасы болмайды |
|
тостағанша жапырақшасы төртеу |
|
гүл шоғыры шатырша тәрізді |
|
гүл шоғыры шашақты болып келеді |
|
аталығы оннан асады |
|
аталығы алтау |
|
гүлінің формуласы Т5, К2, А2 Ж 3 |
|
гүлінің формуласы Т2+2, К4, А2+4, Ж (2) |
|
Жемісі- тұқымша |
|
Жеміс-бұршаққын |
2. Білім минуты:
+ |
Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге тән белгілерді көрсет |
|
гүлі дара жынысты |
|
гүлдері ұсақ, қос жынысты |
|
тостағанша жапырақшасы болмайды |
|
тостағанша жапырақшасы төртеу |
|
гүл шоғыры шатырша тәрізді |
|
гүл шоғыры шашақты болып келеді |
|
аталығы оннан асады |
|
аталығы алтау |
|
гүлінің формуласы Т5, К2, А2 Ж 3 |
|
гүлінің формуласы Т2+2, К4, А2+4, Ж (2) |
|
Жемісі- тұқымша |
|
Жеміс-бұршаққын |