Пәннің аты: қазақ тілі |
Уақыт |
Сыныбы: 9 «Б» |
Кабинет |
Мұғалім: Ешпанова Г. С. | ||||
Тақырыбы: |
Қазақстан мұражайлары | |||||||
Мақсаты: |
Білімділік: Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру; Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс сөйлей білуге, адами қасиеттерге тәрбиелеу; | |||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрнекіліктер. |
Сұрақ –жауап, диалогтік жұмыс, жұппен жұмыс, талдау Тірек сызбалар | |||||||
Сабақ барысы: |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі: |
Оқушылармен амандасу, кезекші мәлімдеесі |
Бір аптада неше күн бар? Бүгін аптаның кай күні? Қазір қай жыл мезгілі? Қандай ай? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді | |||||
Үй тапсырмасын сұрау: |
Мұражай сөзі нені білдіреді? Мұражай қандай қызмет атқарады? Мұражайдың рөлі қандай? Мұражай қандай топтарға бөлінеді? Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай? |
Оқушыларға өтілген тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қойылады, | ||||||
Жаңа сабақ Оқылым
Топпен жұмыс.
|
1-тапсырма. «Қазақстан мұражайлары» атты мәтінді түсініп оқу, аудару. Сұрақтарға жауап беріңдер. Қазақстанда 1913 жылы – 3, 1927 жылы – 6, 1937 жылы – 19, 1939 жылы – 25, 1970 жылы – 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Әбілхан Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1962), ҚР Археология мұражайы (1973), Кітап мұражайы (1978), Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), ұлттық валюта мұражайы (1980), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), Президенттік мәдени орталық (2000), Мемориалдық мұражайлар да Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, абай-Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтің, Қ.Сәтбаевтің, Ж.Жабаевтің, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемориалдық мұражайлары. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: Көрмелер; Экспозициялар ұйымдастыру; Тақырыптық дәрістер; Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу; Мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізіледі.
Сұрақтарға толық жауап беріңдер. Қазақстанның мұражай саны қаншаға жетті? Мұражайдың қандай түрлерін білесіңдер? Атап шығыңдар. Олар нешінші жылдары құрылған? Қандай мемориалдық мұражайларды білесіңдер? Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне нелер жатады?
2-тапсырма. Сызба бойынша мәтін дайындаңдар.
| |||||||
Дәптермен жұмыс.
Сабақты бекіту
|
Сандарды сөйлет. Әр топ үш сөйлемнен құрастырады. Тақтада берілген кестені толтыр. Қай мұражай қай жылы құрылғанын айт, дәптеріңе жаз. |
| ||||||
Жылы |
Мұражайдың аты |
| ||||||
1930 1935 1973 1980 1994 2000 |
| |||||||
Тестілеу. 1.Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді? А. латын тілінен Б. грек тілінен В. парсы тілінен Д. орыс тілінен 2. Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды? А. мәдени құндылықтар Б. қазыналық қор В. көне замандардағы коллекциялар Д. бағалы бұйымдар 3. Ә.Қастеев атындағы республикалық мұражайы қалай аталады? А. археология мұражайы Б. кітап мұражайы В. асыл металдар мұражайы Д. өнер мұражайы 4. Қазақстанда қазіргі уақытта мұражайдың саны қанша болды? А. 3 Б. 29 В. 25 Д. 154 5. М.О.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды? А. 1920 жылы Б. 1985 жылы В. 1962 жылы Д. 1951 жылы 6 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің мұражайы қай қалада? А. Алматы Б. Ақтөбе В. Астана Д. Қарағанды | ||||||||
| ||||||||
Бағалау |
|
|
| |||||
Үйге тапсырма: |
1.«Қазақстан мұражайлары» мәтіні бойынша жоспар құру 2. Жоспар бойынша әңгімелеу |
. |