Текст
Жыл сайын 1 желтоқсанда біздің еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Осы күнді атап өту үшін Гастелло орта мектебінде патриоттық тәрбиеге ықпал ететін бірқатар іс-шаралар жоспарланып өткізілді.
1-4 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным!» атты суреттер сайысы өтті, 11-сыныптарда «Тәуелсіздіктің жеті қыры», «Бір ел – бір халық – бір тағдыр» атты тақырыптарына эссе жазылды. «Ғасырдың тамаша азаматы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттары өтті.