Мектепішілік өткізілген «Туған тілім» атты тақпақтар сайысы туралы ақпарат
21 ақпан күні Гастелло орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Туған тілім» атты сыныптан тыс іс-шара 5-11 сыныптар аралығында тақпақтар сайысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілдің аясын, кеңейту, тілге байланысты өлеңдерді мәнерлеп және нақышына келтіре оқи білуге үйрету, тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Іс-шара тақпақтар сайысы түрінде өткізілді. Тақпақтар сайысын әділ бағалайтын әділқазылар алқасы сайланды. Оқушыларға туған тілім туралы қазақ тілінің мамандары кіріспе сөз сөйленді. Іс-шараға барлық сыныптың оқушылары белсене ат салысты. Тілге байланысты оқушылар бірнеше тақпақтарды жатқа айтты, сонымен қатар мемлекеттік тілге байланысты оқушылардың өздері шығарған жүрек жарды өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре отырып айтып берді.
Қорытындылай келе, тақпақтар сайысын мәнерлеп, жатқа айтқан оқушылар анықталды. Тақпақты жақсы айта білген сынып оқушылары мақтау қағазымен марапатталды. 1-ші орынға ие болғандар: 5 «А», 5 «Б», 6 «А», 6 «Б», 7 «А», 8 «А», 9 «А», 10 «А» сыныптары иеленсе, 2-ші орынды 8 «Б», 9 «Б», 11 «А »сыныптары иеленді. Ал 3-ші орынды 11 «Б» сыныбы ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Нурмагамбетова А.М.