Сауат ашу
Күні:8.02.2017ж Сынып: 1 а |
Қатысқандар саны:8 Қатыспағандар саны: |
Мектеп Гастелло орта мектебі Мұғалім:Абильдинова Ж.М. | ||
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі. | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптарға сай жазу. | |||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:Мәтіннің не (кім?) туралы екенін біледі.Сұрақтарға жауап береді. | |||
Оқушылардың көбі: Сурет бойынша сөйлем құрай алады. | ||||
Оқушылардың кейбір: Өз ойын айта алады. | ||||
Жетістік критерийлері |
Әсем табиғат тақырыбына мәтін құрайды.Оны топпен қорғайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. | |||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану,математика | |||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба, таныстырылым. | |||
Тілдік құзыреттілік |
Асқабақ-тыква-pumpkin | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
1.Ұйымдастыру кезеңі: Қонақ күту салтымыз, Оқып біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге , Сәлем бердік жалпымыз. Сандар арқылы топқа бөліну 2-1 5-4 3-2 6-5 0+2 4-2 5-3 6-4 1-топ 2-топ |
Психологиялық дайындық
| ||
Сабақтың ортасы 18 минут
|
2.Өткен сабақты қайталау: -Б дыбысы қандай дыбыс? -Б дыбысы қай буындарда көздерді кездеседі? «Кім шапшаң?» ойыны 1-топ: Б дыбысына сөз жаз 2-топ: дыбыстықталдау жасау. 3.Жаңа сабаққа кіріспе: Балалар біз сендермен саяхат деген тараумен танысып жатырмыз. -Балалар саяхатқа қандай көлікпен шығуға болады?Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Бүгін біз сендермен табиғатқа саяхат жасаймыз. Жұмбақ шешу: Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе) -Түйенің төлі не? Бота. -Балалар «бота»деген сөз қандай әріптен басталып тұр? Ендеше бүгін біз сендермен «Бб дыбысы мен әріп» деген тақырыппен одан әрі танысамыз. 4.Жаңа сабақ: Оқылым Бақа балық бота болат бөрік көрік «Табиғатты аялайық балалар!» видеофильмнен үзінді Видеофильмнен не түсіндік балалар? Оқушылардың пікірін тыңдау. Мәтінмен жұмыс: «Балапан» БАЛАПАН Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан ауылға қыдырып келді. Бірде олар бау-бақшаны арамшөптерден тазартып жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қамқорлық жасап жүретін болды. · Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды? · Олар ата-әжесіне қалай көмектесті? · Олар нені көрді? · Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен? · Балалар қандай жақсы іс-әрекет жасады? · Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар? Мәтінді тізбектетіп оқу. Сұраққа жауап беру Сюжетті суреттер арқала мәтінді айту. Топпен жұмыс:№1 Суретке қарап, сұрақтардың көмегімен «Әсем табиғат» тақырыбында мәтін құра. Көл жағасында не өсіп тұр? Ағаштың айналасында нелерді көріп тұрсың? Ағаш бұтағынан не байқадың? Ағаш маңында нелер ұшып жүр? Қәне мәтін құрастырайық. №2 Көбелектер қонған заттарды атату.Оларға дыбыстық буындық талдау жасату. 1 топ:: Асқабақ,қарбыз 2-топ: Сәбіз,бұрыш |
видеофильм
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс слайд | ||
Сергіту сәті 2 минут |
Қызыл гүлім ай |
Сергіту сәтіне арналған жинақ | ||
Аяқталуы 10минут Қызықты тапсырма 8 минут
|
Дәптермен жұмыс Топпен жұмыс: №4 Табиғат жайлы білгендеріңді қағаз бетіне түсіріп, оларды қорғауға дайындалыңдар. Ойын: « Түсіп қалған әріпті тап». «Кім тапқыр?» 1-топ: күн-..... ақ-...... ащы-...... 2-топ: Әдемі- ......... Тәтті – ...... |
дәптерлер.
Жұптық жұмыс
Коллаж | ||
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | ||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||