Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайту тарау бойынша білім дәрежелерін
анықтап, алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау.
2. Логикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды шапшандылыққа, батыл шешімге келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау және қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, ой қозғау, деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 1062, №1066
III. «Бәйге» (тез ережелерге жауап беру)
1.Жай бөлшектің ондық бөлшекпен жазылуы ?
2. Қандай сан ондық бөлшек деп аталады?
3. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?
4. Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекке айналады?
5. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
6. Ондық бөлшектер қалай азайтылады?
IV. «Көкпар» (өз деңгейлеріне сай тапсырманы таңдап алып орындау)
1 деңгей
1. Амалды орында:
а) 8,97+4,51
ә) 7,21-1,5
2. Теңдеуді шеш:
6,38+х=44,95
2 деңгей
1. Тиімді тәсілмен есепте:
а) 917,32+43+8,68
ә) 91,125+0,83+8,875
2. Өрнектің мәнін тап:
(а+1,37)-0,16; а=3,05
3 деңгей
1. Теңдеуді шеш:
(95-х):(2,65+4,35)=7
2. Шамалар мәндерін ондық бөлшек түрінде жазып алып, амалды орында:
18кг 45г – 7кг 250г + 3кг 860г
V. «Жорға» (оқулықпен жұмыс)
№1072
VI. «Жүйрік» (берілген фигуралардың периметрін табу)
VII. «Бапкер» (берілген есептердің қателерін табу)
№ |
Тапсырма |
А |
Ә |
1. |
8 = 0,008 100 |
дұрыс |
дұрыс емес |
2. |
3 = 0,3 25 |
иә |
жоқ |
3. |
2,5= 2,500 |
жоқ |
иә |
4. |
8см=0,8м |
дұрыс |
дұрыс емес |
5. |
1-0,09=0,91 |
иә |
жоқ |
6. |
3+0,65=0,68 |
дұрыс |
дұрыс емес |
7. |
0,15+0,02=0,17 |
дұрыс |
дұрыс емес |
VIII. Мәреге жету
(қорытындындылау, оқушыларды бағалау)
Оқушының аты- жөні |
Бәйге |
Көкпар |
Жорға |
Жүйрік |
Бапкер |
Мәреге жету (қорытынды баға) |
|
|
|
|
|
|
|