14 қараша күні біздің ауданда балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Тәрбие және білім» аясында «Нұрсұлтан нұры – 2017» атты сайысы өтті. Біздің мектептен Ұланбасы сайысына Уталишвили Гоча қатысып, 1 орынды иеленді. Сайыстың негізгі мақсаты оқушыларды өзін-өзі дамыту, өзін-өзі танып білу және көшбасшыларының рухани-адамгершілік негізіне бағытталған табысқа жетуі болып табылды. Біздің Ұланбасымыз 10-Б сынып оқушысы Уталишвили Гоча, өз сөзінде балалар қоғамдық ұйымдарының іздестіру ісі туралы және өз өмір жолын бағдарлап жатқан оқушылардың қызығушылығын оята білді. Сайыс бағдарламасы екі кезеңнен тұрды: 1.Өзіндік презентация «Мен Қазақстан азаматымын», мұнда Гоча өз азаматтық позициясы туралы, болашақ мамандығы жайында және Қазақстан үшін қандай жетістіктер еңгізе алатыны жөнінде айтып өтті. 2. «Алтын ғасыр» жоба бөлімінде, ешқандай дайындықсыз сөз сөйлеп, «Егер мен Президент болсам..» атты сұраққа жауап бере алды. Оның жобасы толық, тақырыбы жан-жақты ашылған және сөз сөйлеу шеберлігін көрсете білді. Сайысқа қатысушылар және орын иеленгендер дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.