Гастелло орта мектебінде
Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне орай өткізілген
онкүндік қорытындысы
Қыркүйек айының 11-нен 21-не дейінгі аралығында, Гастелло орта мектебінде Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне арналған онкүндік өткізілді. Онкүндіктің ашылуына арнайы жабдықталған стенд жасалып, жоспар құрылды. Онкүндіктің ашылуы салтанатты жиында хабарланды. Онкүндік барысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында «Тіл – әр халықтың байлығы» атты кітаптар көрмесі ашылды. Көрмеге тіл туралы кітаптар
қойылды. 5-7 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мадярова Д.Т. «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ кепілі» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Бастауыш сыныптар арасында интеллектуалдық ойын «Кішкентай тіл білгірлері» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сонымен қатар 5-10 сыныптар арасында Мәңгілік Еліміздің – «Тіл тұтастығы -ел тұтастығы» атты шығармалар сайысы ағылшын, қазақ, орыс тілінде өтті. 1-10 сыныптар аралығында «Бала тілі - бал» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, балалардың мәнерлеп оқу қабілеттері анықталды. 1-11 сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім атты» тәрбие сағаттары өтті. 1-6 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында...» атты суреттер сайысы өткізілді. 23 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты салтанатты жиын болды. Онда Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, мектеп директоры - Гулмира Айтмухамбетқызы ата аналармен, ұстаздарды және оқушыларды тіл мерекесімен құттықтады. Жиын соңында «Бір шаңырақ астында..», атты «Достық фестивалі» жалғасын тапты. 1-10 сыныптар қазақ, армиян, корея, неміс, орыс, украин, тәжік т.б.халықтарының ұлттық киім үлгілерімен, ұлттық тағамдарын, ән, би өнерлерін көрсетті. Достық фестиваліне барлық мұғалімдермен оқушылар белсене қатысты. Тіл мерекесіне орай өткізілген
іс-шаралардың барлығына белсене қатысқан сыныптар мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы онкүндікке жоспарлаған іс-шаралардың барлығы қызықты, мазмұнды, тиісті деңгейде өткізілді. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысты. Онкүндіктің жабылуына қарай қорытынды шығарылып, іс-шаралардың жеңімпаздары мен белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.