«Гастелло орта мектебі» ММ
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты
іс-шаранының өткізілуі туралы ақпарат
Аталған бірыңғай сабақ шеңберінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбына арналды.
Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Сол себепті болашақ жеткіншектер өздері екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты 9-11 қазақ және орыс сыныптары арасында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: 1. Оқушыларға адам түсініктері жайлы түсініктерін қалыптастыру;
«Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;
3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру:
Іс-шара «Дөңгелек үстел» түрінде өтті. Іс-шараның барысы ұйымдастыру кезеңімен басталды. Оқушыларға ситуациялық жағдайлар беріліп, сыбайлас жемқорлық туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушыларға сұрақтар қойылып жауаптар алынды.
Өткізген: тарих пәнінің мұғалімдері Нурмагамбетова Д.М., Умирсейтова А.К.