«Тәуелсіздігім-еркіндігім елдігім» атты ертеңгілік туралы ақпарат
Гастелло орта мектебінде 15 желтоқсан күні 2017 жылы «Тәуелсіздік – еркіндігім елдігім» атты 1 – 4 сыныптар арасында іс – шара өткізілді. Іс – шараға мұғалімдер мен оқушылар және ата – аналар қатысты.
Тәуелсіздік – тәтті ұғым таңдайдағы,
Тәуелсіздік – бақ бүгін маңдайдағы.
Нұрлы күннің осынау сиқы кетсе,
Тірлігімнің қалады қандай мәні?
Құтты болсын мереке, отандастар,
Құтқа толсын, елімнің әр қойнауы!
дей келе, 1 – 4 сыныптар арасында мерекелік іс – шараға барлық оқушылар ат салысты.
Тәуелсіздігіміздің 26 – жыл толуына арналған желтоқсан оқиғасындағы құрбан болған жастарымыз бен аға-тәтелеріміздің аттары аталып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Қыршын кеткен осы боздақтардың арқасында біз тәуелсіздікке қол жеткіздік! Олардың есімдерін мәңгі ұмытпайық! Қайрат Рысқұлбеков (1966- 1988) сол кезде 22 – жаста ғана еді. Ербол Сыпатаев (1965 – 1986) сол кезде 21жаста еді. Ләззат Асанова (1970 – 1986) сол кезде бар жоғы 16 – жаста еді. Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін құрбан болған. Мұхаметжанова Сабира Есімбекқызы (1970 – 1986) сол кезде не бәрі 16 – жаста еді. Осы кісілердің ерлігін мәңгі ұмытпайық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Тәуелсіздігіміздің баянды, әрі қарай өркендей беруіне сіздер, біздер болып елімізге қосар үлесіміз мол болсын! Іс – шарада өз еліміздің рәміздерімен танысты, еліміздің тәуелсіздігі оңай жолмен келмегенді жөнінде бейнеролик көрсетілді, көптеген ойындар ойнатылды, мақал – мәтелдер жарысы өткізілді. «Қазақстан» туралы кластер құрастырылды. Осындай іс – шараға кішкентай бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.
Тәуелсіздігіміз мәңгі баянды, еліміз тыныш, бейбітшілік өмір сүре беріңдер дегім келеді.
Өткізгендер: Бастауыш сынып мұғалімдері Маркова Н.С, Тараш Шолпан