Жаңа жылдарыңызбен!
Барша Қазақстандықтарды әлемдегі ең ғажайып мейрам – Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Жаңа 2018 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Жаңа 2018 жылда баршаңызға жаңа бақыт, жаңа табыс жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, болашақта жүзінізден тек күлкі көрінсін!
Ескі Жылдың қайғы - мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл - күймен, таза, тың ойлармен қарсы алайық. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз.
Гастелло орта мектебінің ұжымынан