Текст
Жарқайың ауданы «Білім бөлімі» ММ негізгі хатына сәйкес педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қауымдастығымен себепсіз ақша жинамау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «Гастелло орта мектебі» ММ-інде 24.11.2017 жылы жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Тақырыбы: «Жалпы қазіргі замандағы қоғамдағы сыбайлас жемқорлық және нөлдік төзімділік қалыптастыру».
Жиналыста мектеп директоры Кабдушева Г.А. жиналған ата-аналар қауымдастығымен себепсіз ақша жинамау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы білім беретін ұйымдарда білім беру мазмұны бойынша жадынамалар, мектепке дейінгі оқушыларды патриоттыққа бағыттай отырып, ата-аналармен түсіндірме жұмыстары өткізілді.