«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс іс –шара тақырыбы: «Тіл-ұлттың жаны»

06.02.2018

                                        

Сыныптан  тыс  іс –шараның тақырыбы: «Тіл-ұлттың жаны»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру. 

Дамытушылық: ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту. 

Тәрбиелік: туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  сайыс  сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілі:  сұрақ –жауап, сөзжұмбақ

Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, тіл туралы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі.  Оқушылармен амандасу, оқушыларға сәттілік тілеу.

ІІ. 

Сайыс  сабақ.     Құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар! Біздің сайысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі “Тіл ұлттың жаны” атты іс-шарамыз Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналады. Алдымызға қойылған мақсат–қазақ тілінің мәртебесін көтеру.  Оқушылардың  тіліне, еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сайыстың барысы:

1.      “Жедел жауап”

2.      “Сөз мәйегі- мақал”

3.      “Полиглот”

4.      “Ойлан тап”

5.      “Қызықты ұйқастар”

6.      “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы “

  

    

       

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің  құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл-халық тарихы, тіл –ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз.

   

 Біздің Отанымыз–Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Гимні, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан

Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол-әрине, қазақ тілі.      

   

-Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық. Қатысушылар

-7, 8-сынып оқушылары. Оқушылар екі топқа бөлінген. Әр топ өзін-өзі таныстырады.

           

l . “Жедел жауап”

      Бұл бөлімде әр топқа  10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

           l топ: 

            

1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана)

            

2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)

            

3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)

            

4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

   

         5. Қазақстанның  ел басшысы кім? (Н.Назарбаев)

            

6. Жеңіс күні (9 мамыр)

            

7.Тышқаннан қорқатын аң (піл)

            

8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

            

9. Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)

           

10. Қыстың бірінші айы( қаңтар)

          ll топ:

           

1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

           

2.Қазақстан тарихында неше астана болды? (4)

           

3.Көктемнің бірінші айы (наурыз)

           

4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

           

5.Бір жылда неше күн бар? (365)

           

6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

           

7. Бала оқытатын адам (мұғалім)

           

8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту, елтаңба, гимн)

           

9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)

          

10.Абайдың шын аты (Ибраһим)

       

2-жүргізуші:  Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

       1-жүргізуші: -Мемлекеттік тіл-Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып, оның 4 бабында ”Қазақстан Республикасыны мемлекеттік тілі –қазақ тілі” екені жазылған.

     

ll бөлім  “Сөз мәйегі-мақал”

    Келесі сайысымыз, сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге береміз. Мақалдардың 

жалғасын табу.

      l топ:

1.Ең тәтті де-тіл, ….. (ең ащы да-тіл).

            

2.Отансыз адам- ….(ормансыз бұлбұл).

            

3.Тіл- қылыштан.….(да өткір).

            

4.Өнер алды- …(қызыл тіл).

            

5.Отан….(оттан да ыстық).

            

6. Оқусыз-білім жоқ, …..(Білімсіз күнің жоқ).

         

ll топ:

1.Жүз сом ақшаң болғанша,….(жүз досың болсын).

            

2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі).

            

3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба).

            

4.Мектеп- кеме,……(білім теңіз).

           

5.Жақсы жолдас- жанға серік,…..(жаман жолдас- малға серік).

           

6.Шебердің қолы- ортақ,…..(шешеннің –тілі ортақ).

     

2-жүргізуші: -Армысың, ардақты анам-қазақ тілім,

                              

Бір өзіңнен тараған өнер –білім.

                              

Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы,

                              

Жарқын болсын әрқашан келер күнің!

       

-Енді келесі сөзді мына оқушыларға берейік. Содан кейін, әрі қарай сайысымызды жалғастырамыз.

.

     1-жүргізуші:

         lll бөлім  “Полиглот”

   Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам. Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот”дейді. Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс, қазақ, ағылшын тілінде шешу.

        

  

    l топ:  

        

1.Темір тілді,

  Күміс үнді. (қоңырау, звонок ……)

        

2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар, снег…..)

        

3.Үй үстінде алтын тас,

 Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда…..)

        

4.Түк білмей барасың,

           

Тәлімін аласың. (мектеп, школа……)

        

5. Қабат-қабат қаттама,

            

Ақылың болса аттама. (кітап, книга…….)

          ll топ:

       

1.Сырты тәтті,іші тәтті,

           

Ортасы сүйек қатты. (алма, яблоко….)

       

2. Табаныма байладым,

           

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы, лыжи…..)

       

3.Тұмсығымен қозғалар,

          

Артында аппақ із қалар.(бор, мел……

       

4.Жесең ащы,

          

Көзіңнен шығар жасы.(пияз, лук……)

      

5.Аспанға ұшар бу болып,

         

Жерге қайтар су болып. (бұлт, облако…….)

Сөзжұмбақты шешу.

3

7

50

100

Қай топ тез осы цифрларымен сөздер құрастырады?

(Үшқұдық, Жетісай, Жетісу, Елубай, жүзім)

III бөлім «Бәйге»

Мәңгі бақи есте қалар, Қызықты бір ойын болсын. Тек білімді шәкірт озар, Сұрақтары қиын болсын.

Сұрақтар:

1. Табиғатты игеру үшін кім керек? (адам) 2. Табиғатты қандай заттар құрайды? (орман, тау, өзен, су, ағаш) 3. Әр адамның

шағын Отаны? (отбасы) 4. Судың үш күйін ата? (қатты, сұйық, газ) 5. Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата? (Каспий, Арал, Балқаш) 6. Ауа температурасын өлшейтін құрал? (термометр) 7. Кеуде қуысының сол жағында орналасқан өз жұдырығыңдай мүше? (жүрек) 8. Өсімдік мүшелерін ата? (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым) 9. Табиғат заттары мен құбылыстарын көріп,  ұстап, тыңдап, естіп, зерделеу жұмыстары. (бақылау әдісі) 10. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (құбылнама)

« Қызықты сұрақтар » кезеңі. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.

1)  Шай қайнатып шағала,

Бәрін шайға шақырды.

Келді тоғыз шағала,

Неше шағала шай ішті? (10)

2)   Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)

4) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Екеуі де тең)

 

Берілген сөзден кез-келген

бір-бір буын алып, сөз құрау. 10 ұпаймен бағаланады.

АҚТӨС                                                  

ҚОРА

ҚАП-ҚАРА                                           

ШАНА

АЛАТАУ   (Шешуі: аққала)                

ТЫШҚАН    (шешуі: қошақан)

 

 

Просмотров: 1891


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст