«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жуылмаған кір қолдардан болатын аурулардан өзіңді қалай қорғауға болады.

13.02.2018

ЖАДЫНАМА             

Жуылмаған кір қолдардан болатын аурулардан өзіңді қалай қорғауға болады

Вирусты гепатит А – жіті жұқпалы ауру. Гепатит «А»,  жіті ішек жұқпалары сияқты жуылмаған кір қол ауруы деп аталады. Ауру гигиеналық мәдениеті жағынан төмен деңгейдегі  елді мекендерде  кеңінен таралған. «А» гепатитімен барлық жастағы адамдар ауырады, бірақ оның ішінде  балалар, жасөспірімдер жиі ауырады. Аурудың ең қөп саны күз-қыс  мезгілінеде болады.

Инкубациялық кезең – 7 күннен 50 күнге дейін.                                                  

Инфекция көзі – ауру белгілері анықталған кез келген адам (сарғаю, сарғаю белгісі жоқ, симптомсыз). Науқас адам инкубациялық кезеңнің екінші жартысынан бастап айналасындағылар үшін қауіпті, әсіресе аурудың бірінші аптасында. Берілу механизмі  фекальді – оральді (вирус нәжіспен сыртқа бөлінеді).                      

Вирусты  гепатит «А»-ны   жұқтыру жолдары:

Вирус ағзаға келесі жолдар арқылы енеді:

• су арқылы - ауыз суды пайдаланған және залалданған суда шомылған кезінде жұғады;

• тамақ арқылы - салат, аскөк, жеміс-жидектерді және т.б. тамаққа пайдалану  кезінде; 

• науқас адамдармен тығыз байланыста болған кезде, жұқтырылған ыдыс-аяқ, ойыншықтар, үй тұрмысындағы заттар арқылы.

     Вирус ауру көзімен тығыз байланыста болғанда таралуы мүмкін, әсіресе жеке гигиенасы деңгейі  өте төмен болған жағдайда. Мысалы, науқасты күткенде.

Клиникасы. Ауру жұқтырылған сәттен бастап 7 күннен 50 күнге  дейін уақыт өтеді, көбінесе 1, 5-2 апта (классикалық кезең = 35 күн). Науқастың тәбеті нашарлайды, он жақ қабырға астында  ауырсыну пайда болады, дене қызуының көтерілуі, жүректің айнуы, көбінесе — құсу, түссіз нәжіс, зәр қарайып, тері және шырышты қабатта сарғаю байқалады, бауыры ұлғаяды. Бірқатар жағдайларда ауру басталғанда тұмауға  ұқсайды: дене қызуы көтеріледі, мұрын бітеледі, жөтел, бүкіл  дене сырқырайды.  Осы кезеңде науқас қоршаған орта үшін өте қауіпті, өйткені вирус ағзадан  аса қарқынмен бөлінеді. Ауру сарғаю көріністерісіз және жасырын түрде, жасырын  нысанда өтуі де мүмкін. Гепатит "А"-ның  сарғаюсыз түрі 70%-ға дейін  жиі кездеседі. Аурудың алғашқы белгілері анықталған кезден, сарғаюға дейін күтпей, дәрігерге көрінген жөн.

Сондай-ақ,  жуылмаған кір  қолдар  арқылы да  жұқтырылады:

1. Қантышқақ (дизентерия),  іштің аймағында толғақ тәрізді қатты және өткір ауру, тік ішекке қарай тартатын созылмалы ауруы пайда болады және  жиі нәжіс (тәулікте 10 рет),  жиі нәжіс  қан араласқан және шырышпен араласқан болып келеді;

2. Сальмонеллез, жиі құсу және уланудың анық белгілері тән. Дене қызуы тек жеңіл  жағдайларда қалыпты болуы мүмкін;

3. Ротавирустық және энтеровирусты инфекциясы  жиі нәжіспен білінеді, кейбір жағдайларда – тері бөртпесі белгілері пайда болады. Көбінесе суық тию белгілерін байқауға болады, сондықтан халық арасында бұл инфекция ішек тұмауы деп те  атайады;

4. ЖРВИ/тұмау,  вирусты этиологиялық ауру, басталуы өте күрт,  жедел, клиникасы:  шаршаңдық, әлсіздік, мұрын бітелуі, қатты бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы, дене қызуының  39-40 С дейін көтерілуі;

 

Егерде Сіздің балаларыңыз немесе сіз жоғарыда аталған аурулармен ауырып қалмасын десеңіз, келесі ережелерді  сақтаңыз:

• жеке бастың тазалық ережелерін  сақтау – даладан үйге кірген соң, тамақтану алдында, дәретханадан шыққан соң қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;

 • суды кездейсоқ су көздерінен немесе "краннан ағып тұрған" судан ішпеңіз, тек қайнатылған және бөтелкедегі суды ішіңіз. Есіңізде болсын, вирус (100 градус) қайнау температурасында 5 минуттан кейін өледі.

• көкөністерді, жемістерді, жидектерді пайдалану алдында мұқият жуыңыз. Азық-түлікті кездейсоқ адамдардан  немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алушы болмаңыз;

• үй жағдайында ыстық және суық тағамдарды дайындау тәртібін, тез бұзылатын тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын, және  шикі өнімдер мен дайын тағамдарды бөлек-бөлек сақтау ережесін ұстаныңыз;

• шикі өнімдерді өңдеген кезде пышақ және турайтын тақтайларды жеке пайдаланған жөн;

• азық-түлікті мұқият қуырып пісіру керек, тез бұзылатын өнімдер мен дайын тағамды +2 +6 с° температурада  тек тоңазытқышта сақтау қажет.

Мектепке  дейінгі  балалар мекемесінің тобында немесе мектеп сыныбында ауру бала болса,  ол  барлық балалар ұжымына жұқтыру қаупін төндіреді. Ауру өте қауіпті осыны  есте сақтап, өзін-өзі  емдеумен айналысуға жол бермеңіз!

 

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст