8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болып жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
Гастелло орта мектебінің ұжымы