23 мамырда «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында қорытынды жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жарқайың ауданы бойынша ЖӨ ҚҚО Мемлекеттік құқық қорғау басқармасы инспекциясының қызметкері полиция аға майоры Жуматаева Д.К. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор «Қауіпсіз демалыс» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада келесі мәселелер қаралды: жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу және мектеп оқушыларында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, өрт қауіпсіздігі, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау және т.б.
Жиын барысында 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың оқу үлгерімі, емтихандарды өткізу, жазғы мектепті ұйымдастыру жұмыстары қорытындыланды. Сондай-ақ жаз мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі, жазғы еңбек, жазғы жұмыс бригадасы жөнінде айтылды.