«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдырған» лагерінің бірінші апта қорытындысы

08.06.2020

«Балдырған»  лагерінің бірінші апта қорытындысы
«Гастелло орта мектебі » ММ-де  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылған  «Балдырған»  лагері өз жұмысын 1 маусымнан бастады.                                                  1маусымнан,7 маусымға дейін бірінші апта өтті. Бірінші апта «Менің Отаным Қазақстан» деп аталды. Апта барысында «Барлығы балалар үшін» , «Мемлекеттік рәміздер-Менің мақтанышым», «Объективте қасиетті орындар» , «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары» деген іс-шаралар мен    « Туған өлке» деген тақырыпта  өлеңдер конкурсын өткізілді.  
4 маусым мемлекеттік рәміздер күні,  «Мемлекеттік рәміздер-Менің мақтанышым» деген тақырыпта іс-шара өтті.Іс –шара барысында балалар  «ҚР мемлекеттік рәміздері» деген видеомен танысты. Рәміздерге байланысты өлеңдер мәнерлеп оқыды. «Менің жасаған туындым» деген тақырыпта  түрлі- түсті қағаздан аппликация жасады.                                              Балалар апта барысында   «Біз бақытты баламыз» , «Менің туған өлкем», «Қасиетті жер» деген тақырыпта суреттер салды.                                                                                                    Балалар  «Барлығы балалар үшін» , деген тақырыпта өлеңдер мәнерлеп оқыды.   Сонымен қатар балалар түрлі-түсті қағаздарды пайдаланып  шығармашылық жұмыстар жасады. Қағаздан  «Ғажайып гүлдер» тақырыпта аппликация жасады. Ұлдар түрлі- түсті қағаздан биік ұшатын ұшақ жасады.                                                                                                        «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары»  күні біздің өңіріміздегі Н.Ф.Гасттелло  ескерткіші туралы  видео ұсынылды. Оқушылар видео мәліметтен кейін суреттер салды.  
      Балалар 5 күнде жақсы көңіл – күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде қатысып, өз уақыттарын тиімді де, әрі қызықты өткізіп жатыр.

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст