«Гастелло орта мектебі» ММ ұйымдастырған «Отбасы сағаты» республикалық акциясы бойынша мәлімет
Отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Отбасы сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаттары мен міндеттері:
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе. Өнегесі мол отбасы тәрбиесіне ешеңе тең келмейді.
Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан жауаптылықпен ат салысу ата-аналар мен ұстаздың басты парызы.
Жоғарыда аталған мақсат – міндеттерді жүзеге асыру үшін мектебімізде «Отбасы сағаты» республикалық акциясына орай біршама жұмыстар атқарылды. 1-11 оқытылуы орыс, қазақ сынып оқушыларына және ата-аналарына тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасарлары Халибек А., Кудерина Ш.Ш,, «Отбасы сағаты» республикалық акциясы өткізу барысында ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Отбасы құндылықтары және ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында слайдтық презинтация дайындап әр сыныптың ата-аналар чаттарына жіберілді. «Отбасы қарым - қатынасы» атты ата-аналарға арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы жасалынды. Ата-аналарға отбасы құндылықтары туралы түрлі кеңестер берілді. Ата-аналармен диалог арқылы сұрақ –жауап алынды. Барлық ата-аналар белсене қатысып өз пікірлерімен бөлісті.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Халибек А.