07.03.2024
6 наурыз күні мектебімізде «Көктем аруы-2024» байқауы өтті. Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу.
Байқауға 5-11 сыныптың қыздары қатысты. Жалпы байқау барысы бірнеше номинациялар бойынша өткізілді. Байқау өте қызықты өтті, қыздарымыз жақсы дайындықпен қатыса білді.
Байқау қорытындысы бойынша «Көктем аруы-2024» атағын, 10 «А» сынып оқушысы Ауезова Аяна иеленді. Құттықтаймыз!