«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар кезеңінде мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

02.04.2020

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп басшыларына:

Балаларды мектепалды даярлыққа  қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және  ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету  мақсатында:

-қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, ата-аналар/балалардың заңды өкілдері) бейнесабақтардың басталу күнін көрсете отырып, мектепалды даярлық балаларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы хабардар болуын;

- қашықтықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында интернет-ресурстар, (вацап), байланыстың қолжетімді түрлерінің тізімін мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының педагогтерінде қалыптастыруды;

- сауат ашу (аптасына 2 сағат),  математика (аптасына 2 сағат) және қоршаған ортамен танысу (аптасына 1 сағат) бойынша қашықтықтан оқыту  сабақтарының  кестесін  педагогтердің құрастыруын;

- өткен материалдарды ескере, педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды, карточкаларды кеңінен қолдана отырып, бір айға қашықтықтан оқыту  (бейнеоқыту) сабақ конспектілерін әзірлеуін;

- бейнесабақтар орналастырылатын, мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагогтері әлеуметтік желілерде (Whatsаpp чаттар, контактіде  және телеграммда) топ құруды;

- ата-аналармен өзара  қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін, ата-аналар педагогке баланың орындаған тапсырмаларын жіберуі үшін, сондай-ақ сабақ барысында, баланың бейнесабақтарды  қабылдауы туралы және т.б. барлық нақтылайтын сұрақтарды жолдаулары үшін кері байланыс жасауды ұйымдастыру.

 

 Басшылардың орынбасарларына, әдіскерлерге:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) балалардың  меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;

- мектепалды жасындағы балаларды педагогтермен бірге қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету;

- педагогтың бейнесабақтарына мониторинг жүргізу және балалармен, ата-аналармен кері байланыс жасау;

- жұмысты ұйымдастыру туралы қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтердің, тәрбиеленушілердің, білім алушылардың, ата-аналардың/балалардың заңды өкілдерінің) жылдам хабардар болуына ықпал ету;

-балаларды қашықтықтан оқыту нәтижелері туралы педагогтермен ағымдағы айдың әрбір 10 күнінде  бейнеталқылау өткізу.

 

Педагогтерге:

- қашықтықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, үнемі бейнесабақ конспектілеріне түзету жұмыстарын жүргізу;

- сабақ конспектілерін және   бейнесабақтарды басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, әдіскермен келісу;

- бекітілген қашықтықтан оқыту  кестесіне сәйкес  бейнесабақтарды өткізу;

- тәрбиеленушілер мен ата-аналар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;

- қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен нақты кері байланысты қамтамасыз ету;

-жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті бейнеконференцияда хабардар ету.

 

   Ата-аналар немесе тәрбиеленушілердің заңды өкілдері:

- сабақ кестесімен (ҰОҚ), қашықтықтан оқытуды өткізу процесімен танысады;

- Whatsapp  чаттар, телеграмм  және т. б. арқылы педагогтермен күнделікті байланыста болады;

- қашықтықтан оқыту үшін балаларға  уақытылы жағдай жасайды, тәрбиеленушіге бақылауды жүзеге асырады;

- бейнесабақ  (бейнежазба, фото және т.б. ) процесінде  орындалған тапсырмаларды күн сайын педагогке ұсынады.

 

 

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст