2023 жылдың 19-25 желтоқсан аралығында «Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Психология апталығы» өткізілді.
«Психология апталығы» – жоспарлы іс-шаралар жүйесі аясында бірнеше күн бойы балалар мен жасөспірімдерде күйзеліске төзімділікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін, оқушылардың психологиялық көңіл-күйі мен оң ынтасын көтеретін іс-шаралар жүзеге асырылады. Оқушылар, олардың ата-аналары және мектеп мұғалімдері «Психология апталығы» іс-шараларына қатысуға мүмкіндік алды. «Психология апталығының» әр күні белгілі бір тақырыпқа арналды: сейсенбі, 19 желтоқсан «Тосын сый» акциясы ұранымен өтті, бұл күні таңертең ерте мектепке кірген кезде, оқушылар, мектеп мұғалімдері және ата-аналары «Сиқырлы дорбадан» тілектер алды. Одан кейін 1-11 сыныптар арасында жиналыс өткізіліп, онда «Психология апталығының» басталуы жарияланды.
Сәрсенбі, 20 желтоқсан - «Көңіл-күй кемпірқосағы» күні атанып,таңертең психолог фойеге кірген әрбір адамға көңіл-күйлерін белгілеу үшін әр түрлі түсті жетон ұсынды. Сонымен қатар «Жол кесуші» атты үлкен үзілісте оқушыларға тапсырмалар жазылған парақтар берілді.
Бейсенбі, 21 желтоқсанда «Әлемге күлкі сыйла!» ұранымен өтті. Тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбында күлімсіреп тұрған бүкіл сыныптың қызықты кездерін суретке түсіру. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған «Эмоциялар мен сезімдер» практикалық сабағы өткізілді. Жұма, 22 желтоқсан күні «Біз көппіз» іс-шарасы өтті. Мектеп психологы оқу процесінің барлық қатысушыларына «Ашық микрофон «Отырайық, сөйлесейік»» кеңестерін өткізді. Психолог сынып жетекшілерімен бірге үзіліс кезінде оқушылармен ойын ойнады.
25 желтоқсан «Психология апталығының» соңында «Егер мен мейірімді болсам, адамдарға не істер едім» атты акциясы өткізілді - әр сыныпқа мектеп, оқушылар мен мұғалімдерге тілектер жазу тапсырмасы берілді. Психология апталығының соңында оқушылар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Жалпы психология апталығы «өте жақсы» өтті, бұл ұстаздар мен оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйлерін, мектепке деген жақсы тілектерін дәлелдейді.