Ағымдағы жылдың қарашаның 8 мен 20 аралығында «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де бұзақылыққа, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акциясы өткізілді.
Мақсаты:
1. Қоғамның назарын балаларға қатыгездік пен қараусыз қалдыру мәселесіне аудару;
2. Қоғамда балаға зорлық-зомбылық көрсетуге төзімсіз көзқарасқа деген сенімнің қалыптасуы;
3. Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
Акция барысында 5-7 сыныптар арасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында келесі іс-шаралар мен әңгімелер өткізілді. Педагогтар мен психолог ата-аналарға «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында балалық шақты қорғау және оң тәрбие туралы сұрақтары бар буклеттер таратты. 1-4 сыныптар арасында «Бала құқығы» тақырыбына сурет байқауы өткізілді. Дебат клубының жетекшісінің басшылығымен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды, сонымен қатар 1-11 сыныптарда балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша өзекті тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, ұстаздар ата-аналар қауымымен бірлесе отырып, кешкі уақытта рейдтер жүргізді.