Текст
Гастелло орта мектебінде үшінші тоқсан бойы қоғамдық-гуманитарлық бағыты жұмыс істейді. Жұмыс жоспары бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалилова Н.В. 7Б сыныбында орыс тілінен «Кітап немесе интернет пе?» атты тақырыпта с абақ өткізді. Оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну және қабылдау үшін мұғалімнің сабақта қолданылған белсенді әдіс тәсілдері ықпал берді «Аллея сознания», «Сканированное чтение», «Ыстық орындық». Сабақ үстінде оқушылар жұппен, жеке, топпен жұмыс жасады. Әріптестер жағынан сабақ оң бағамен бағаланды.