29 қаңтар күні Крупская атындағы орта мектебінде " Білім беру сапасын арттырудың шарты ретіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар " атты аудандық семинары өтті. Семинар жұмысы заманауи білім берудегі өзекті мәселелерге арналды. Іс-шараның жұмысын АББ әдіскері К. М. Мажитова ашып, семинар жұмысына оң баға берді. Көшбасшы-мұғалімдер Г. В. Палазник,Д. М. Каирова,Ж. С. Сейтжанова. Н. В. Жалилова, Н. С. Маркова, Г. К. Жунусова аудан мұғалімдері үшін өз сөздерін дайындап, заманауи сабақты өткізудегі өз істерімен бөлісті. Аудан педагогтарына өздерінің педагогикалық тәжірибесінде кездесетін мәселелері жайында ойлауға, сондай-ақ аудан әріптестерімен тәжірибе алмасу бойынша диалогқа түсуге тура келді. Аудан мұғалімдерін толғандыратын көптеген мәселелер бойынша Гастелло орта мектебінің директоры И. Н. Герасимчук өз пікірімен бөлісті. Өткізілген семинарға ауданның барлық мектептері қатысты. Семинар жұмысын қорытындылай келе, аудан мұғалімдері осы іс-шараға қатысудан алған зор пайдасы жайында айтып, аудан мектептері педагогтарының шығармашылығын одан әрі дамыту үшін түрткі болатынына сенімді.
Жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жалилова Н.В.