3-14 сәуір аралығында
«Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де «Қауіпсіз терезелер» атты акция өтті. Акцияға оқушылар, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қатысты.
Акцияның мақсаты:
1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәртіп ережелері туралы түсініктерін тереңдету.
2. Өз өмірін және басқалардың өмірін сақтау үшін жауапкершілік сезімін дамыту.
Акция барысында мектепте келесі іс-шаралар өткізілді: 1-10 сынып оқушыларымен «Үйдегі қауіпті орындар» тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, бейнероликтер көрсетілді. Тақырыптық талқылаулар, викториналар өткізілді. Сондай-ақ қауіпсіздік ережесі бойынша тренингтер өткізілді. Кәмелетке толмаған балалардың терезеден құлауы салдарынан қайғылы зардаптардың алдын- алу бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын- алу бойынша жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, ересектерге қажетті ақпарат мекеменің сайтында орналастырылды.