«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

10.03.2023

      Көктеммен бірге бізге тамаша мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні келді. 8 наурыз – көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен, әйелдердің күлкісімен, шашыраңқы гүлдермен, нәзіктікпен безендірілген. Мереке қарсаңында мектебімізде әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

1-10 сыныптар арасында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» атты сынып сағаттары өтті. 5-10 сыныптар арасында «Көктем аруы-2023» байқауында қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Бастауыш сыныптарда Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік өткізіліп, оқушылар би билеп, аяулы аналар, әжелер туралы тақпақтар мен әндер шырқады. Аналармен, әжелермен түрлі сайыстар өткізілді. Сүйікті аналарымыз бен әжелерімізге өз қолымызбен құттықтау хаттары, қолөнер бұйымдары сыйға тартылды.

Сондай-ақ оқушылар ұстаздар мен ата-аналарға арналған «8 наурыз мерекесі құтты болсын!» атты құттықтау бейнеролигін дайындады. Апта бойы мерекелік атмосфера орнады.  

Просмотров: 200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст