«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көктем аруы-2023»

10.03.2023

       2023 жылдың 04 наурызында «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 5-10 сынып оқушылары арасында «Көктем аруы-2023» конкурсы өтті.  Конкурсқа Халибек Сара, Тіллеубек Жанерке, Қауетаева Ұлболсын, Шевчук Елизавета, Исенова Камила, Жамбаева Зейнеп, Олешкевич Даминика қатысты.

Іс-шараның жетекшілері мен ұйымдастырушылары мектептің өзін-өзі басқару (10а) сынып оқушылары болды. Бірінші турдың тапсырмасы өзін таныстыру болды, мұнда қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші тур «Талант шоуы» болды, онда қатысушылар ән шырқап, би билеп, өлеңдер оқып, өз өнерлерін  көрсетті. Соңғы тур «Мода» болды, қатысушылар ерекше киім үлгілерін  көрсетті. Конкурс барысында қызықты сайыстар өткізіліп, қатысушылардың тапқырлығы мен зеректігі сыналды. Барлық қатысушылар ерекше болды, қазылар алқасы жеңімпазды таңдауда көп ойланды. Қызу пікірталастан кейін «Көктем аруы-2023» Исенова Камила атанды, қалған қатысушылар номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст