31.01.2023 ж., 2 «Б» сынып жетекшісі Коржунбаева А.Т., «Жолда жүру ережелері» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен ашық сынып сағатын өткізді.Формасы мен мазмұны бойынша сынып сағаты жол ережесі бойынша викторина ойыны ретінде ойластырылған.Балалар жол белгілерінің топтарымен танысып,осы "жол жүру ережелері»атты танымдық бейнероликті қарап шықты, ондажол қозғалысының көптеген жаңа белгілерін білді. Сондай-ақ, балалар қозғалыстың негізгі ережелері туралы өлеңдер айтылды.Жол белгілері туралы білімді бекіту үшін мұғалім балалар мен ата-аналарға арналған қызықты ойын викториналарын өткізді, онда олар жұмбақтар шешіп, дұрыс жол белгісін тауып, көрсетті.Олар мультфильмдер мен ертегілерден сұрақтарға жауап берді, онда мультфильм кейіпкерлері қандай көлік құралдарын қолданғанын білді. Балалармен ата-аналары жол белгілерін пазлдардан жинады. Оқушылар тақырыпқа қызығушылық таныта отырып, сабаққа белсенді қатысты,сонымен бірге сабақта өздерін еркін сезінді.Сабақтың психологиялық ахуалы жағымды болды, оқушыларға сынып сағаты әсерлі болды. Сабақта қойылған мақсаттар мен міндеттеріне қол жеткізілді.