Текст
Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қоғамдық гуманитарлық бағытты бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар айлығы аясында жоспар құрылып, жұмыс жасалуда. Жоспар бойынша 7а сыныбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар кластер құру және қорғау, сөздікпен жұмыс жасау, мәтін оқу, топпен жұмыс жасау сияқты әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, барлық тапсырмаларды жақсы деңгейде орындап шықты.