Текст
27 қаңтар күні 6-сыныпта (тарих пәнінің мұғалімі Умирсейтова А.Қ.) қазақстан тарихынан «Моңғол шапқыншылығының зардаптары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар қазақстан тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетті, сабаққа белсенді қатысты. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыс, өзара бағалау және формативті бағалауға арналған тапсырмалар қолданылды. Рефлексия барысында оқушылар өздеріне барлығы ұнағанын және барлық тапсырмаларды жақсы орындағанын атап өтті.