«Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция аясында іс-шаралар өткізді. Іс-шараның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.Сынып жетекшілер «Балаға зорлық-зомбылыққа жол жоқ»» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты балаларды зорлық-зомбылық мәселесімен таныстыру және оны шешу жолдарын қарастыру. 8-10 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Балаларға зорлық-зомбылық көрсету» тақырыбында бейнеролик көрсетті. Мектеп дәлізінде «Сенім телефоны» орнатылған, сонымен қатар сенім поштасы бар. Соған байланысты акция барысына Жарқайың ауданының ЖЖПҚ ЕЗЗҚБ полиция капитаны Хорошенко Р.С. отбасы қарым- қатынасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.