«Гастелло ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мектеп психологы
Кудерина Ш.Ш «Мейірімділік алақандары» атты бір күндік акция өткізді. Шара барысында ізгілік, күнделікті жасауға болатын игі істер туралы әңгіме болды. Акция екі кезеңде өтті 0-4 сынып оқушылары бояулар арқылы ватман қағазына қол іздерін қалдырып, күн сәулесін жасады.
5-10 сынып оқушылары мен ұстаздары алақанындарындағы жылы лебіздерін досына қалдырып, алақандарынан ағаш жасады. Бұл акцияға барлық сыныптар белсене қатысты, одан кейін мектеп фойесінде жақсы тілектер жазылған жарқын плакаттар ілінді. Алақан – бейбітшіліктің, достықтың, мейірімділік пен ашықтықтың символы. Осындай іс-шаралардың арқасында балалар кіші мектеп жасынан бастап жылулық, қамқорлық, көңіл бөлу, мейірімділік танытуға үйренеді.