«Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де 1-4 сыныптар арасында «Біз балаларға қатыгездік көрсетуге қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Балаларға «зорлық», «қатыгездік» ұғымдары түсіндірілді, балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлерімен таныстырды. Отбасындағы балалардың зорлық-зомбылығы туралы әңгімелерді тыңдады. Мультфильмдер мысалында зорлық-зомбылық, жақсылық пен жамандық талқыланды.Балалар өз пікірлерін ықыласпен және белсенді түрде білдірді.
5-10 сыныптар арасында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының негізгі мақсаты жасөспірімдерді қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлыққа бағыттау, қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, қиянатқа қарсы әрекет етудің тиімді және заңды тәсілдерін қолдану, өзіне деген сенімділігін арттыру болды. Оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Балаларға жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына, оның ішінде зорлық-зомбылық жағдайында шұғыл кеңес беру және психологиялық көмек көрсету үшін құрылған бірыңғай балалар сенім телефоны таныстырылды.