Жыл сайын 1 желтоқсанда еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Шын мәнінде, осы күннен бастап тәуелсіздік тарихы басталады. Тұңғыш Президент күнін атап өтіп, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқы мен мемлекет алдындағы сіңірген қызметтері үшін құрмет көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге жастарды патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейміз. Осы датаны атап өту үшін Гастелло орта мектебінде патриоттық тәрбие беретін бірқатар іс-шаралар әзірленіп өткізілді.Сонымен қатар «Біздің Президент таңғажайып тағдырмен» және « Президент және халық» атты 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізді.
Тарих пәнінің мұғалімдері Умерсейтова А.К,Нурмагамбетова Д.М «Мемлекеттің құрылу тарихы» туралы әңгімеледі.
Мектептің кітапханашысы Елькеева Ж.Т «Елбасы бастаған даңқты Қазақстан» атты кітап көрмесін дайындады. Барлық шаралардың нәтижесі салтанатты түрде өтті.