Текст
14 қазан күні аудандық кітапханада "Батырлар жыры -тәрбие көзі" тақырыбында "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтудан байқау өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу;
- балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;
- дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету.
Біздің мектептен байқауға 7 "А" сынып оқушысы Худайбергенова Жасмина қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурмагамбетова Акбаян Мейрамхановна