2019 жылы 24 қазан күні Гастелло орта мектебінде "Жас математиктер" атты қызықты викториналық ойын өтті.
Ойынға 1 "б" сынып оқушылары – "Үшбұрыштар" және 1 "а" сынып оқушылары– "Төртбұрыштар"командалары қатысты. Викториналық ойын 7 кезеңнен тұрады.
Екі топтың оқушылары да математикалық және логикалық білімдерін ғана емес, сонымен қатар командалық белсенділік танытты. "Жас математиктер" ойынында балалардың дұрыс жауаптарын қадағалайтын қазылар алқасы сайланды. Бұл викторина балалардың интеллектуалды дамуын ғана емес, сонымен қатар табысты әлеуметтенуіне де ықпал етті. Бірінші сынып оқушылары өз команда мүшелерімен өзара ынтымақтастықта болып, командалық шешім қабылдауды үйренді, байқау барысында тапсырмаларды орындау және шешу қабілетін дамытты. Балалар өз командасына жоғары ұпай алуға тырысты.
Викторинаның қорытындысы бойынша 1 орынды 1 "б" сынып оқушылары "Үшбұрыштар" командасы, ал 2 орынды 1 "а" сынып оқушылары "Төртбұрыштар" командасы иеленді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық балаларға тәтті сыйлақтар таратылды.
Іс-шараны өткізген: Манафова С. Г.