Гастелло орта мектебінде 25.10.2019жылы 1-11 сынып оқушылар арасында «Мен ерлерімнің ертеңімін» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті. Сонымен қатар сынып сағатына ауылдық әкімшіліктің бас маманы Гляделова Людмила Анатолевнада шақырылды. Сынып сағатында оқушылар 1-4,5-7,8-11 сынып топтарына бөлінді.
Сынып сағатының мақсаты: «Оқушыларға отбасылық-патриоттық тәрбие беру»
Сынып сағатының міндеттері: «Отбасына құрмет, аға ұрпаққа құрмет, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға негізделген бір елде сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу».
Сынып сағатының басында осы тақырып бойынша презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. Мұғалімдер материалды еркін меңгеріп сондай бір шыдамдылықпен, біздің елімізде болып жатқан негізгі оқиғалар туралы қызықты әңгімелеп берді
Танымдық материалды балалар тыңдап қана қоймай, сонымен қатар фактілерді салыстыра алатын, логикалық ойлана алатын, ақылды және тапқыр бола алатындай етіп таңдалды. Сабақтарда балалар туған жері, өз елі үшін өз халқына деген мақтаныш сезімі және Қазақстан тарихы туралы белсенді түрде әңгімелесті. Мен елімнің болашағына қандай үлес қоса аламын? Шара барысында ынтымақтастық сабақтарда, өзара бір-біріне көмек қолдарын созатыны туралы балалар өз ойлары мен болжамдарын еркін жеткізе алды.
Бұл сабақ оқушылардың патриоттық тәрбиесін дамыту үшін қажет, оқушылардың Қазақстан Республикасының тарихы туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Оқушылар өз Отанын құрметтейтін болады, өз еліндегі оқиғаларға ілесуге тырысады.
Бұл іс-шараның үлкен тәрбиелік,дамытушылық мәні бар және іс-шараның алдына қойған мақсаты орындалды.
Мектеп директоры: И.Н. Герасимчук