«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Гастелло орта мектебі» ММ өткізілген эко-сағат туралы ақпарат

03.10.2019

    03.09.2019 жылы Гастелло орта мектебінде  0-11 сынып оқушылар аралығында  экологиялық сабақтар өткізілді, сабақта  оқушыларға  жердің экологиялық жағдайы туралы ақпараттар ұсынылып,  табиғаттың экологиялық жағдайына теріс әсер ететін факторлар туралы сонымен қатар тәрбиелік роликтермен слайдтар  көрсетілді.      

    Сабақтар суреттер, иллюстрациялар қолдану арқылы өткізілді. Сабақтарда оқушылар табиғат әлеміне саяхат жасады. Олар адамның табиғатты қорғауда қандай рөл атқаратынын анықтады. Олар белсенді сөйлесті, көптеген сұрақтарға жауап берді, адамның табиғатпен байланысын анықтады және экологиялық проблемаларды мысалы: ауаны, суды және орманның ластануын талқылады. Сабақта балалар болашақ ұрпаққа табиғатты сақтау үшін қандай мүмкін болатын сонымен қатар оған  көмек көрсетуге болатындығы туралы пікірлерімен бөлісті. Таңертеңгі сағат 10-да Эко-сағатқа арналған мерекелік жиын өтті, мерекелік жиынға Жарқайың ауданы ММ «Білім бөлімі» маманы  Салахова Венера Вахитовна,   Гастелло ауылдық округінің бас маманы  Гляделова Людмила Анатольевна   қатысты іс-шара мерекелік көңіл күймен өткізілді. Жиын аяқталғаннан кейін мұғалімдер мен оқушылар қонақтар қарағай көшеттері отырғызылған мектеп алаңына аттанды.

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст