Текст
2019 жылдың 17-19 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданының «Aurora Garden» орталығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы »қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар мен еріктілер қозғалысын дамыту бойынша« Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты аймақтық форумы өтті.
Біздің ауданның атынан Гастелло орта мектебінің оқушылары қатысты. Біздің мектептің белсенді, шығармашылыққа бейім оқушылары: Елена Приймакова 11 «Б» сынып оқушысы, Дарменова Нұрсұлу 10 «А» сынып оқушысы, Дорбаев Дамир 7 «Б» сынып оқушысы. Мектебіміздің оқушылары белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.