«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Гастелло отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гастелло орта мектебінің 1 ауысым «Достар» лагерінің іс-шара туралы ақпарат.

19.06.2019

        2019 жылдың 10 – 14  маусым аралығында  «Достар» мектеп-лагерінде бастауыш сынып оқушыларына арналған  «Тапқыр болсаң тауып көр»,   «Үйірмелер күні»!,  «Қазына іздеу»! атты қызықты  іс-шаралар  өтті.
Іс-шараның мақсаты - Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелер мен танысады.  Жас өспірімдер мен балалардың  жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру — бүгінгі күннің басты міндеті.  Бұл іс-шарада осы мереке туралы ақпарат және оның мән – мағынасымен  дәстүрі  ұсынылды. Осы іс – шараға бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.  «Тапқыр болсаң тауып көр»!  атты іс – шарада мынандай тапсырмалар ұсынылды.                       

 1. Таныстыру
2. «Бәйге» сайысы (1 минутта сұрақтарға жауап беру)
3. «Тез ойла, сөз ойла» (қима әріптерден сөз құрастыру)
4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (бір әріптен басталатын сөзден тұратын жауаптар айту)
5. «Мақал – сөздің мәйегі» (Мақалдың жалғасын табу)
6. Сөзжұмбақ «Алғырлар» мен «Білгірлер»
7. «Кім жылдам?» (топ басшыларына арналған тапсырмалар) оқушылар  белсене ат салысып отырды.  Екінші сайысымыз «Үйірмелер күні»!,   Ән айтудан  жарыс өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары белсене ән айтудан  1, 2 , 3 орындарға ие бола отырып , мақтау қағаздарымен   мараппатталды. Үшінші сайысымыз «Қазына іздеу»! Бұл күні таза ауада лагерьдің маңына жасырылған  «Қазананы тап!» атты сайыс өткіздім. Балалардың ынты – жігері , қызығушылықтары өте жоғары деңдейде болды.Мектеп ауласына жасырылған әр – түрлі тапсырмаларды орындай отырып , соңында жасырылған қазынаны тауып алды. Оқушылардың қызығушылықтары оянды. Соңында балаларға сыйлықтармен, тәттілер, сусындар , мақтау қағаздарымен мараппатталды.                                                            

Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімі: Тараш Шолпан

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст