2019 жылдың 4 маусымында «Достар» мектеп-лагерінде бастауыш сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлттық мақтаныш» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге көмектесетін мемлекеттік мереке, оның тарихы мен дәстүрі туралы білімдерін тереңдету болды.
Бұл іс-шарада атаулы мереке туралы ақпарат ұсынылып, оқушылар өз білгендерін ортаға салды. Балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған –викториналық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалды.
Оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу үшін әкімшілік жауапкершілікті еске алып, баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтады. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар дәстүрлі түрде мектепте өткізілді және балалар шынайы қызығушылықпен көзге түсті.