Наурыз мерекесіне арналған мектепішілік іс-шара.
Тақырыбы : «Қош келдің , әз наурыз!!» атты іс – шарамызға қош келдіңіздер!
1- жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық
(Ортаға шашу шашып шығады)
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл - көсір!
1-жүргізуші: :Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын
Мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.
Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие.
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!
0 «А» сынып оқушылары ортада тақпақ айтады.
Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді дей келе, алдарыңыздағы дастархан үстіндегі тамақтардан ала отырсаңыздар.
2 «А» сынып оқушылары мәнерлеп тақпақтарын айтады.
БИ: « Қара жорға »
Ұлттық ойын: «Күш сынаспақ»
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.
3 «А» сынып тақпақ, би:
Ұлттық ойын: «Көтермек»
Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
Белгі бойынша кім бірінші бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетеді.Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.
Ата – аналармен ойын:
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Бастауыш сынып мүғалімі: Тараш Шолпан