Текст
2022 жылдың 21 қаңтарында «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Жарқайың ауданының аудандық ауруханасының мамандарымен мектептің 6-10 сынып оқушыларымен және ата-аналармен ковид-19 коронавирустық инфекциясының жаңа штаммдарына қарсы вакцинация мәселесі бойынша кездесу өтті. Әңгімелесу барысында төмендегілер түсіндірілді: вакцинацияның негізгі түсініктері, тәртібі, вакцинацияға қойылатын жалпы талаптар, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, вакцинациялау шарттары. Әңгіме соңында аудандық орталық аурухана ұжымы оқушылар мен ата-аналарға екпе алуды ұсынды. Жиналыс коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау мақсатында өткізілді.
#Школьное_самоуправление