«Тәуелсіздік – тірегім» атты дөңгелек үстел
«Гастелло ауылының жалпы орта мектебі» КММ-де 12.12.2021 жылы
5-6 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімі Нурмагамбетова Д.М Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Тәуелсіздікке қатысты сұрақтарға жауап берді, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қандай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті, жаңа ұрпақтарға арналған қазақстандық құндылықтар – ұлттық бірлік пен келісім, қоғамдық ынтымақтастық пен өзара қолдау, достық дәстүрлерін жалғастыру мәселесін көтерді.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстанның тағы қандай биіктерге жете алатынын алдын ала белгіледі.