01.09.2021ж. Мектебімізде "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны сағат: 10:00-да өткізілді. Мерекелік жиын мектеп ауласында таза ауада санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Жиынға "Nur Otan" партиясы Жарқайың аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баегизова Г.М., білім бөлімінің әдіскері Силеухадыр А., ауылдық округ әкімі Қадыров С. Қ. қатысты. Салтанатты жиында бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" оқулығы салтанатты түрде табыс етілді.
2-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары интерактивті тақтаны қолдана отырып, педагогтар еліміздің даму тарихы, жетістіктері туралы бейнематериалдар мен ресми ақпарат дайындап, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаттарында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігін нығайтудағы тарихи рөлі, көреген саясаты мен жасампаз қызметі туралы бағыттарды қамтыды.Сынып сағаттары санитарлық талаптарды сақтай отырып, әрбір сынып үшін жеке кабинеттерде өткізілді. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.